20 қазан 2015 15:59

Абель Санчес Головкиннің рингке қашан оралатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © RingTV Геннадий Головкин. © RingTV

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің рингке 2016 жылдың ақпанында оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин ақпан айында жұдырықтасса екен деймін. Егер қарсы болмаса Коттомен немесе Альвареспен, болмаса басқа біреумен. WBC осы ойымды қолдайды деп үміттенемін, - деді Санчес Fighthub ресурсына берген сұхбатында. - Меніңше, бұл керемет жекпе-жек болды (Туреано Джонсон vs Имонн О'Кейн). Туреаноның рейтингі жоғары. Егер оған қолымыз жетсе, бұл біздің келесі жекпе-жегіміз болады".

Айта кетейік, Мигель Котто мен Сауль "Канело" Альварес 21 қарашада Лас-Вегаста орта салмақтағы WBC белбеуіне таласады, ал осы тұжырымға Головкин міндетті үміткер саналады. 

Ал Туреано Джонсон болса өткен аптада ирландиялық Иммон О'Кейнді (14-2-1, 5 KO) жеңіп, IBF тұжырымына міндетті үміткер атағын алған болатын, ал өз кезегінде Головкин бұл тұжырымды канадалық Давид Лемьеден тартып алған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети