19 тамыз 2014 11:09

Абель Санчес: Коттоның адамдары Головкинмен кездескісі келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес. ©Tengrinews.kz Абель Санчес. ©Tengrinews.kz

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес WBS тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның адамдары Головкинмен жекпе-жек өткізбеу үшін түрлі сылтаулар айтып жүр деп ойлайды. Бұл туралы  Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 


Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес WBS тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның адамдары Головкинмен жекпе-жек өткізбеу үшін түрлі сылтаулар айтып жүр деп ойлайды. Бұл туралы  Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 

"Менің ойымша Коттоның адамдары Головкинмен кездескісі келсмеді. Сондықтан да олар Головкин аса танымал емес, ол жекпе-жектен көп ақша таба алмаймыз деген секілді түрлі сылтаулар ойлап тауып жүр", - дейді Абель Санчес. 

Санчестің айтуына қарағанда, Головкин мен Котто арасындаңы жекпе-жекті көптеген адамдар көргісі келеді. "Менің ойымша, мәселе Коттода емес, мәселе боксшының артынан түрлі сылтау айтып жүрген адамдарда. Котто қазір Головкинмен жұдырықтаспайды. Ол 3-4 кездесу өткізіп, ашқа жинап алған соң Головкинмен кездесетін шығар. Десе де, дәл қазір немесе келер жылы бұл екі боксшы арасында жекпе-жек болмайды", - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін пуэрторикалық боксшының бапкері Фредди Роуч қаржылай жағынан Коттоның келесі қарсыласы Головкин болғаны мүлде тиімсіз екенін айтты. "Геннадий жақсы боксшы. Бірақ Головкиннің "жеке" жанкүйерлері жоқ. Оның промоутерлері бұл мәселеге қатысты нашар жұмыс істеп жатыр", - деді Роуч. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин енді шаршы алаңға 18 қазан күні шығады. АШҚ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы мексикалық Марко Антонио Рубио болуы мүмкін.    

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети