22 қазан 2017 12:04

Абсолют чемпион көз арбасу сәтінде ернінен сүйіп алған қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жартылай орта салмақта абсолют чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус швециялық Микаелу Лауренді нокаутқа түсіріп, WBC, WBA, WBO, IBF, IBO белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жартылай орта салмақта абсолют чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус швециялық Микаелу Лауренді нокаутқа түсіріп, WBC, WBA, WBO, IBF, IBO белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Норвегияның Стокк қаласында өткен жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Норвегиялық боксшы қыз үшін бұл 32-ші кездесу және 32-ші жеңісі және ол 9-шы рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ал осы күнген дейін 29 рет жеңімпаз атанған 41 жастағы Лаурен бесінші рет жеңілді.

Еске салайық, таяуда баспасөз конференциясында Лаурен норвегиялық боксшының ернінен сүйіп алған еді. Брекхус шапалақпен жауап қайтарды, бірақ күліп жіберді. Сосын барлығы сабырға келіп, баспасөз конференциясын ары қарай жалғастырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети