14 наурыз 2017 14:25

Адамдар Головкиннің соққысына тәнті болып, анық осал тұстарын көрмейді - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) барлық әлсіз жерлерін біліп алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, барлығы Головкиннің әлсіз жақтарын біледі. Негізінде Головкиннің күші адамдарды баурап алғаны соншалық - олар оның осал тұстарын көруден бас тартады. Менің мақсатым - өзімнің ең мықты нұсқамды көрсетіп, оның мықты тұстарын төмен етіп көрсету. Мен қорғаныста жақсы бола білсем, мені жақсы кеш күтіп тұр. 

Осы соғыста барлық қаруды қолданамын, себебі оның бар көрсеткеніне мен тойтарыс беруім керек. Бірдеңе іске аспай жатса, біз басқа жоспарға көшеміз", - деді Джейкобс RingTV арнасына берген сұхбатында. 

Осыған дейін америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындаған еді.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети