03 қыркүйек 2014 14:40

AIBA-ның Pro Boxing жобасына бес боксшымыз қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) жаңа жобасына бес қазақстандық боксшы қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz  Айта кетейік, жаңа жоба 2014 жылдың 24 қазанында баталады


Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) жаңа жобасына бес қазақстандық боксшы қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz  Айта кетейік, жаңа жоба 2014 жылдың 24 қазанында баталады

AIBA ресми сайтының мәлімдеуінше, 24-26 қазан және 20-23 қараша күндері екі (бірінші және екінші) електік жекпе-жектер өткізілмек. Ал 18-21 желтоқсанда рейтингтік жекпе-жектер ұйымдастыру жоспарланған. Чемпиондық атақтар 2015 жылдың 22-25 қаңтары күндері және 29 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта сарапқа салынатын болып бекітілген. Іріктеу кезеңіндегі жекпе-жектер алты раундтан тұрса, финалда боксшылар сегіз раунд жұдырықтасады. Жаңа жобада жеңімпаз атанған былғары қолғап шеберлері қомақты сыйақы мен Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болады.

Ұйымдастырушылар бұл жобаға он салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік 80 боксшысы қатысады деп отыр. Айта кетейік, сол үздік боксшылардың жеребе тарту рәсімі 17 қыркүйек күні Қазақстанда, Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан AIBA академиясының ресми ашылу салтанатынан кейін өтеді. Әр салмақ дәрежелеріндегі кездесулер әр елде өтеді. Мысалы, бұл жобада Қазақстан 60 келіге дейінгі боксшылардың жекпе-жектерін қабылдайды. 

Әлемдік рейтинг бойынша біздің боксшылар жобадағы он салмақ бойынша да бақтарын сынауға мүмкіндік алған еді. Алайда Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері қосыны жобаға тек бес боксшыны ғана қатыстурды жөн санапты. Олар – Біржан Жақыпов (49 келіге дейін), Ілияс Сүйлейменов (52 келіге дейін), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін), Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейін) және Антон Пинчук (91 келіге дейін). Қазақстандық боксшылардың қарсыластарымен мына жерден таныса аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети