20 қараша 2017 18:55

AIBA президенті өз еркімен қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Р-Спорт © Р-Спорт

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву отставкаға кету туралы шешімге келді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" ұйымның сайтына сілтеме жасап. 


Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву отставкаға кету туралы шешімге келді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" ұйымның сайтына сілтеме жасап. 

Қараша айыны басында AIBA орындаушы комитеті бірнеше тәртіптік айыптаулар мен қаржыны жаратқаны үшін Чинг-Куо Вуды уақытша босатқан еді. Сонымен қатар, Дубайда 2018 жылы қаңтарда өтуі тиіс кезектен тыс конгресс барысында 80-нен аса ұлттық ассоциациясы Вуға сенімсіздік вотумын жарияламақшы болған. 

"Екі жақтан да әзірге тәртіпсіздік қылыққа барды дейтіндей ештеңе жоқ. Уақытша президент болып Франко Фальчинелли болып қала береді", - делінген AIBA хабарламасында. 

Ву "бүкіл өмірін арнаған, ең жақсы көретін спорты үшін" осындай шешім қабылдағанын айтты. "Мен AIBA және бокстың болашағы үшін өз орнымды босатамын. Қазіргі уақытта мен жаңа басшыға қызметімді толығымен тапсыру жұмыстарын жүргіземін. Мен AIBA ұйымына қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін және барлық бокс қауымдастығына алғыс білдіремін", - деді Ву. 

Вудың шешімінен кейін AIBA азаматтық сотқа берген арызын қайтып алды. Сонымен қатар, Фальчинелли Дубайда өтетін конгресс алдында AIBA орындаушы комитеттен Вуды ассоциациясның құрметті президенті етіп қалдыруды сұрайды. 

Чинг-Куо Ву AIBA президенті болып 11 жыл қызмет атқарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети