Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 18-наурыз күні "Мэдисон Сквер Гарден" спорт кешенінде өтетін WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA тұжырымының чемпионы америкалық Дэниль Джейкобс 32-1, 29 КО арасындағы жекпе-жекті тамашалауға келмейтін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Бұл туралы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер SB Nation Radio радиосының эфирінде айтты.
"Жоқ, бұл жолы Трамп Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға келмейді", - дейді Леффлер.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін отандасымыздың жекпе-жектерін бірнеше мәрте тамашалаған болатын. Тарқатып айтсақ, 2015 жылы Головкин Давид Лемьемен өткізген кездесудің алдында Трамп қазақстандық боксшының киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, отандасымызға сәттілік тілеген еді. Одан кейін "Мэдисон Сквер Гарден" спорт кешінінің алдыңғы қатарынан орын алып, жекпе-жекті тамашалады.