14 сәуір 2018 11:20

АҚШ-та полицей болып жұмыс істейтін Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Ниязов. © Ed Mulholland/Matchroom Boxing Димаш Ниязов. © Ed Mulholland/Matchroom Boxing

АҚШ-та полицей болып жұмыс істейтін Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов 28 сәуірде Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецки бокс кешінің шеңберінде рингке шығады, деп хабарлады Vesti.kz.


АҚШ-та полицей болып жұмыс істейтін Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов 28 сәуірде Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецки бокс кешінің шеңберінде рингке шығады, деп хабарлады Vesti.kz.

Ниязовтың (13-0-3, 6 КО) қарсыласы 25 жастағы мексикалық боксшы Анхель Саринана болады, ол кәсіби деңгейде жеті рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген және екі рет тең түскен. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде және алты раундпен өтеді.

Бокс кеші 28 сәуірде ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирннің ұйымдастыруымен болатын шоу шеңберінде Нью-Йоркте өтеді. Сонымен қатар, андеркартта жартылай орташа самақ дәрежесінде Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов жұдырықтасуы тиіс. Бұл кездесу ол үшін кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жек болады, бірақ қарсыласының кім екені әлі белгісіз. Қазақстандық боксшы наурыздың басында Эдди Хирнмен келісімшарт жасасқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети