06 мамыр 2015 10:03

АҚШ-тың екі тұрғыны боксшы Пакьяоның үстінен 5 миллион долларға талап арыз түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың екі тұрғыны боксшы Пакьяоның үстінен 5 миллион долларға талап арыз түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ-тың екі тұрғыны боксшы Пакьяоның үстінен 5 миллион долларға талап арыз түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоға қатысты арыз АҚШ-тың өңірлік сотына Лас-Вегаста түскен. 

"Ұжымдық талап арызды Невада штаты Кларк округінің екі тұрғыны түсірді. Арызданушылардың айтуынша, олар билет пен телетрансляция құнын анықтау және бәс тігу кезінде бұрмаланған мәліметтерге негізделген. Енді олар 5 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мейвезер кішінің арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" америкалықтың жеңісімен аяқталды. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Кейін Пакьяоның иығында жекпе-жекке дейін үш-төрт апта бұрын алған жарақаттың болғаны анықталды. Енді оған апта соңында операция жасалады. Боксшы одан кейін ең кемі жарты жыл бойы жаттыға алмайды.

Бұған дейін Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяоның америкалық Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жегінің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Невада штатының заңы бойынша, қасақана жалған мәлімет беруге болмайды, ал кездесу Лас-Вегаста болды, осындай қылмыс үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 мың доллар көлемінде айыппұл салу жазалары қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети