01 ақпан 2019 12:05

"Әлем чемпионы болғанша боксты тастамаймын" - Жанқош Тұраров жоспары жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров. © vk.com Жанқош Тұраров. © vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) ұзақ үзілістен кейін карьерасын жалғастыруға дайындалып жатыр. Спортшы өзінің қазіргі жағдайы туралы Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) ұзақ үзілістен кейін карьерасын жалғастыруға дайындалып жатыр. Спортшы өзінің қазіргі жағдайы туралы Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

28 жастағы Тұраров жартылай орта салмақта жұдырықтасады. Кәсіпқой бокстағы карьерасын он жыл бұрын бастаған, алайда 2017 жылдың қыркүйегінен рингке шықпады. Боксшы соңғы жекпе-жекте жарақат алған еді. 

"Иә, жаттығуды бастадым, қалпыма келіп жатырмын. Бапкерім - Сағатбек Мұсаханов дайындап жатыр. Жекпе-жекке қатысты әлі ештеңе айта алмаймын. Жақын күндері ақпарат болады", - дейді боксшы. 

Қазақстандық спортшы қандай ем қабылдағанын және өз өмірінде бокстың алатын орны жайлы айтты. 

"Қолымды емдедім. Бәрі жақсы. Әрине, бокс менің өмірім. Әлбетте сағынамын. Бірақ алда әлі жақсы жекпе-жектер болады деген үміттемін. Әлем чемпионы болғанша боксты тастамаймын", - деді Тұраров. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети