05 қараша 2019 09:09

Әлемнің экс-чемпионы Канело - Ковалев жекпе-жегін "қойылым" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джек жартылай ауыр салмақта WBO титулы үшін өткен мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев жекпе-жегі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу 3 қарашада таңда Лас-Вегаста өткен. Альварес қарсыласын 11-раундта нокаутқа түсіріп, төртінші дивизионында титул еншілеген. Алайда Джек бұл жекпе-жектің қойылымға ұқсас болғанын айтады. 

"Альварес оң жақтан жақсы ұрды, бұл жақсы нүкте болды. Кездесу ішпыстырарлық өтті, бірақ екі боксшыға да құрмет көрсету керек. Канело Ковалевті нокаутқа түсірді, бірақ Сергей бар күшін салмағандай көрінді. Онда ашу болмады. Мұның бәрі қойылым секілді көрінеді", - деді боксшы.  

Сондай-ақ ол Альваресті құрметтейтінін айтты. 

"Ол Ковалевті жеңді, урон жіберіп, нокаутқа түсірді. Мен есеп жүргізбедім, бірақ жекпе-жек өте жақын өтті", - деді Джек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети