05 қазан 2016 15:07

Алматылық бокс мектебін ашып, дарынды балаларды тегін жаттықтыруға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматылық тұрғын бокс мектебін ашып, қарапайым отбасынан шыққан балаларды тегін жаттықтыруға уәде берді. Tengrinews.kz тілшісіне жобаның бастамашысы Ғабит Жұмабек осы залда мүмкіндігі шектеулі жандар да тегін дайындала алатынын мәлімдеді.


Алматылық тұрғын бокс мектебін ашып, қарапайым отбасынан шыққан балаларды тегін жаттықтыруға уәде берді. Tengrinews.kz тілшісіне жобаның бастамашысы Ғабит Жұмабек осы залда мүмкіндігі шектеулі жандар да тегін дайындала алатынын мәлімдеді.

"Біз кейбір жаттығушыларға тегін спортпен шұғылдана алатын зал аштық, яғни қарапайым отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі жандар тегін жаттыға алады. Әрине, зал барлық адам үшін тегін болуы мүмкін емес, сондықтан басқа адамдарға ақылы болады. Осы ауданның тұрғындарына ақы мөлшері символикалық болады", - деді Ғабит Жұмабек.


Бейбіт Әлібеков және Ғабит Жұмабек

44 жастағы кәсіпкерді, өзі тұратын көпқабатты үйдің бос қалған паркингінің орнына бокс алаңын салуды мүдделестері мен достары қолдаған. Ер адам кезінде өзі де бокспен шұғылданғанын және әкесінің осы спорттың жақсы көргенін айтты. "Біздің мақсатымыз - адамдардың спортпен, бокспен көбірек шұғылдануы, қазақтарда бұл қанында бар. Үш ай бойы жөндеу жұмыстары жүрді, қалпына келтірдік. Өзіміз қоқыстарды шығардық, достарымыз көмектесті. Қазір өзім де бапкер болып, бірлесе отырып чемпиондарды тәрбиелегім келеді", - дейді Ғабит Жұмабек.

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы бокс мектебінің ресми түрде ашылуы 8 қарашаға белгіленген. 

Суреттер Facebook желісіндегі Бейбіт Әлібековтің жеке парақшасынан алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети