11 қараша 2019 10:47

Альварес 2020 жылы орта салмақтағы чемпиондармен жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келер жылы кімдермен жұдырықтасатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап. 


Кәсіпқой бокста үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келер жылы кімдермен жұдырықтасатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап. 

"Канело" командасына жақын дереккөздің бірі мамыр айында мексикалық боксшы екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) пен жұдырықтасады екен. Альварес үшін жекпе-жек сәтті аяқталғанда, ол Мексиканың Тәуелсіздік күні қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) трилогияны "жабады". Алайда "Канелода" екі боксшының келісімі әзірге жоқ. 

Өз кезегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен мамырда жұдырықтаса алмайтынын біледі, сондықтан қыркүйекке дейін аралық жекпе-жекке шығады. Демек қазақстандық боксшы IBF титулын міндетті қорғауын өткізеді.

Таяуда "Канело" 2020 жылғы жоспарын айшықтап, екі чемпионмен жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ, "Синко де Майо" мерекесінде өтетін кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында болады. 

DAZN стриминг қызметі қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы көктемде өткізуге мүдделі. Бұл туралы платформамен жүрізуші ретінде жұмыс істейтін америкалық Sport Illustrated басылымының журналисті Крис Мэнникс хабарлады.

Мұның алдында "Канело" бірінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жек өткізу туралы келіссөз өткізгені белгілі болды. Мексикалықта бұл дивизионда WBA "регуляр" белбеуі бар.

Алайда DAZN басшылығы Альваресті Головкинмен жұдырықтасуға көндірмек екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети