20 шілде 2016 16:19

Альварес - Головкин жекпе-жегі келесі жылы болады - Оскар Де Ла Хойя

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC твиттердегі парақшасынан WBC твиттердегі парақшасынан

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қамқорлығындағы екі салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (47-1-1,336 33 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) келесі жылы жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғасы

"Бұл жекпе-жек ертерек болуы мүмкін, алайда қазір ыңғайлы уақыт емес. Біз бұл кездесуді Пакьяо мен Мейвезер жекпе-жегі сияқты он жыл күтпейміз. Бұл жекпе-жек келесі жылдың бір уақытында өтеді", - деп жазады BoxingScene.com промоутердің сөзін.

17 қыркүйекте Альварес WBO бірінші орта салмақтағы чемпионы, ағылшындық боксшы Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездесу жоспарланған. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді. Бірақ бастапқыда жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети