Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альваресті өзімен жұдырықтасуға немесе титулды өзіне беруге шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альваресті өзімен жұдырықтасуға немесе титулды өзіне беруге шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канело" жекпе-жекке қазір дайын емес пе? Онда белбеуімді өзіме берсін! Немесе мұнда кімнің үздік екенін маған көрсетсін! Ол үшін аралық салмақта жұдырықтаспайсын, орта салмақ - 160 фунт", - деді боксшы.
Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғайды. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттелді. Дегенмен Альварес қазақстандық боксшымен аралық салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасатынын айтып отыр.