01 ақпан 2016 10:30

Альварес пе, жоқ па - маңызды емес. Біздің мақсат - WBC белбеуі - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © Twitter.com Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © Twitter.com

Бапкер Абель Санчес мексикалық El Siglo de Torreón газетіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жектері мен мақсаттары жайлы айтып берді.


Бапкер Абель Санчес мексикалық El Siglo de Torreón газетіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жектері мен мақсаттары жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, келесі жекпе-жекті GGG 23 сәуірде өткізеді, ал әзірше екі қалада өткізу жоспарланып отыр. 

"Бізде IBF алдында міндеттемелер бар. 23 сәуірде Лос-Анджелесте немесе Нью-Йоркте Геннадий Доминик Уэйдпен кездесуі керек, - деді Санчес. - Егер боксшы түрлі ұйымдардың белбеулеріне иелік етсе, оның міндеттемелері де бар екенін адамдар түсінуі керек. Сондықтан біз бірінші кезекте IBF алдындағы міндеттемімізді орындаймыз, ал кейін - Альвареспен келіссөздер жүргізуді бастаймыз".

Санчес Сауль "Канело" Альвареске деген қызығушылық оның дүркіреп тұрған атағына байланысты емес екенін атап өтті. "GGG мақсаты - WBC белбеуі. Белбеу үшін ол кіммен болса да жұдырықтасады. Ол Сауль Альварес болса да, басқа чемпион болса да", - деп мәлімдеді Санчес. 

Басылымның мәліметінше, Головкин Альварестің шарттарын орындаудан және 155 фунтқа дейін түсуден бас тартады. Автордың пікірінше, GGG тек Флойд Мейвезер үшін ғана сондай қадамдарға баратын еді. Ал америкалық боксшы өткен жылдың қыркүйегінде мансап жолын аяқтаған болатын. 

Сонымен қатар, басылым Головкин - Альварес жекпе-жегіне деген келіссөздердің созылып, кездесудің 2017 жылы өтуі мүмкін екендігін жазады. Ал бұл жағдай 8 сәуірде 34 жасқа толатын қазақстандыққа оңай тимейді делінеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети