15 тамыз 2018 09:51

Альварес пен Головкин рематчқа бір ай қалғанда салмақ өлшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес. © Golden Boy Promotions Сауль Альварес. © Golden Boy Promotions

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы өткізетін екінші кездесуіне бір ай уақыт қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің нәтижесі - 167,4 фунт (75,9 келі). Негізінде орта салмақта 176 фунтқа (79,8 келі) дейін салмақ қосуға болады. 

Осыған дейін, Головкиннің де нәтижесі жарияланған еді, ол да белгіленген лимитке сәйкес 168,3 фунт (76,3 келі) нәтиже көрсеткен еді.  

Айта кетейік, Головкиннің нәтижесін оның промоутері Том Леффлер жариялады, ал Альварестікін - WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады. 

"Дұрыс салмақ дәрежесін көрсету үшін дұрыс бағыт", - деп жазды Сулейман Twitter желісінде жарияланған суреттің сипаттамасында. 

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети