16 желтоқсан 2018 14:11

Альварес үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес ұлыбританиялық Рокки Филдингті төрт рет нокдаунға түсіріп, өзі үшін жаңа - екінші орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Мексикалық Сауль "Канело" Альварес ұлыбританиялық Рокки Филдингті төрт рет нокдаунға түсіріп, өзі үшін жаңа - екінші орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Канело" өз жеңісіне АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде қол жеткізді.

Оның қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Рокки Филдинг болды. Кездесуде WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы бәске тігілді.

Альварес қарсыласының жанында әлдеқайда аласа көрінді. Дене айырмашылығы анық байқалды, салмақ, бой және қолдың ұзындығы.  

"Канело" өзінің жылдамдығымен және тез шабуылдарымен басым түсті. Сонымен қатар, Филингтің денеге жасалған соққыларды қалай қабылдай алатынын бақылау қызық болды. Дегенмен, ол төтеп бере алмады. Бірінші раундтың өзінде Альварес қарсыласының бүйіріне жасаған соққысымен қарсыласын нокдаунға аттандырды. 

Екінші раундта да сол оқиға қайталанды. Раунд соңында Филинг кезекті соққыдан соң тағы да нокдаунға түсті. Чемпион бұл уақытта еш қарсылық көрсете алмады. Қарсыласын алшақ ұстау мақсатымен бір реттік соққылар жасаумен шектелді. 

Кездесу тағдыры үшінші раундта шешілді. Филинг қатарынан екі мәрте нокдаунға түсіп, төреші кездесуді тоқтатты. 

Нәтижесінде Альварес үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды - бірінші орта, орта және екінші орта салмақ дәрежелерінде.

"Канело" соңғы екі жекпе-жегін орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) қарсы өткізген.

2017 жылы Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен бірінші кездесу тең есеппен аяқталды, араға бір жыл салып сол аренада өткен қарымта кездесуде төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті. Нәтижесінде бірінші рет жеңіліс тапқан Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарынан айырылды. Кейінірек қос боксшы үшінші кездесу өткізуге дайын екендерін хабарлаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети