02 сәуір 2017 17:23

Альвареспен жекпе-жек Головкин үшін маңызды болады - Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен жекпе-жек GGG үшін маңызды болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен жекпе-жек GGG үшін маңызды болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадийдің беделі мен белсенділігін ұстап тұрсақ және "Канеломен" жекпе-жек өткізсек өте жақсы болар еді. Бұл басты мақсат. Егер ол жұдырықтаспайтын болса, Головкинмен кімнің шығатынын ойланатын боламыз. Билли Джо Сондерспен алдыңғы жылы жекпе-жек ұйымдастыра алмадық. Биыл іске асырсақ - жақсы болады. Барлық белбеулердің басын қосу Головкиннің бұрыннан келе жатқан арманы", - деді Леффлер Boxingnews24 басылымына берген сұхбатында. 

GGG мен "Канело" арасындағы жекпе-жек биыл қыркүйекте өтеді деп күтіледі. Екі жақ келіссөздерді әлі күнге дейін жүргізіп келеді. 

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети