06 қараша 2019 15:58

"Альваресті жеңген екінші боксшы мен боламын". Билли Джо Сондерс "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Boxingscene.com.


Екінші орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

Бұл жекпе-жек үшін Сондерс екі дивизион жоғары көтерілуге дайын. Дегенмен бұған дейін британиялыққа 9 қараша Лос-Анджелесте аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен (28-0-1, 15 KO) белбеуін қорғау керек. Бұл оның АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.

"Маған "Канело" керек. Бәрі оны мықты деп қоймайды. Флойд Мейвезер оны жеңген жалғыз боксшы, ал мен екінші болатынымды білемін. Бұл ауыр сынақ, бірақ, екеуміздің жолымыз қиылысарын білемін.

Жартылай ауыр салмаққа өтіп, міндетті қарсылас болуға дайынмын. Ол кезде Альварес менімен жұдырықтасуы керек болады немесе белбеуді босатады. Маған әділ шарттар қойыңыз, сонда мен оны жеңемін. Мен дайынмын, маған жақсы жекпе-жектер керек", - дейді Сондерс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети