16 қараша 2015 15:57

Альварестің Головкинмен жекпе-жегі әзірше мүмкін емес - Де Ла Хойя

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварес. © REUTERS Сауль "Канело" Альварес. © REUTERS

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің кездесуі әзірше мүмкін емес деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің кездесуі әзірше мүмкін емес деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Де Ла Хойяның айтуынша, Альварес орташа салмақтың боксшысы емес. "Ол Коттомен 155 фунтта жұдырықтасады. Коттоның шарты сондай болды. "Канело" 155 фунтты оңай бағындыра алады. Сондықтан ол 160 фунтта жекпе-жектерге дайын болғанда, біз осы салмақтағы ең үздік боксшылармен жұдырықтасатын боламыз. Біз "Канело" және Котто жекпе-жегінде не болатынын әзірше білмейміз. Матч-реванштың болуы мүмкін бе? Кім біледі? "Канело" үздіктермен жұдырықтаса ма? Жұдырықтасады, ол нақты! Ол Головкинмен кездесе ме? Сөзсіз", - деді промоутерлік компанияның басшысы.

Айта кетейік, Котто мен Альварес 21 қараша күні Лас-Вегаста кездеседі және орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы тігіледі. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы Головкинмен жұдырықтасуға міндетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети