Альварестің Головкинмен реванш алдында допингті әдейі қабылдамағанына дәлелдер пайда болды

28 Сәуір 2018, 15:40
0
Альварестің Головкинмен реванш алдында допингті әдейі қабылдамағанына дәлелдер пайда болды - © forbes.com
© forbes.com

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions президенті  Эрик Гомес мексикалық боксшының WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен реваншқа дайындық кезінде допингті әдейі қабылдамағаны жайлы айтып берді, - деп жазады "Чемпионат".

Эрик Гомес "Канелоның" допинг сынама ретінде шашын тапсырғанын айтады. Ол сынама теріс нәтижені көрсеткен. Шаштағы кленбутерол жарты жылға дейін сақталады екен.

"Комиссия сұраған тест бойынша допинг табылмаған. Мұның барлығы Альварес допингті қасақана пайдаланды деген күдіктерді жоюы керек. Сауль жаттығуларға қайтып оралып, қыркүйекте рингке шыққысы келіп жүр. Альварестің айтуынша, осы допинг-сынама оның таза боксшы екенін көрсетті", - дейді Гомес.

Еске сала кетейік, Альварес реваншқа екі ай қалғанда допингпен ұсталған болатын. Боксшының допинг сынамасынан кленбутерол табылған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен.

Кейінірек допинг дауынан кейін мексикалық Сауль "Канело" Альварестің рингке тамызда ғана шыға алатыны хабарланған болатын.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай