Альварестің командасы Головкинның қартайғанын күтіп жүр - Пол Малиньяджи

26 Қыркүйек 2016, 10:27
0
Альварестің командасы Головкинның қартайғанын күтіп жүр  - Пол Малиньяджи - © isport.ua
© isport.ua

Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Пол Малиньяджи Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) командасы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізуге неге асықпай жүргенінін себебін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның ойынша, 26 жастағы "Канело" 34 жастағы Головкинның қартайғанын күтіп жүр. Малиньяджидің айтуынша, жекпе-жек кем дегенде 2018 жылы болады. Осыған дейін былай деп Головкинның бапкері де айтқан болатын.

"Бұл кездесу алдағы бір жылдың ішінде өтпесі анық, бәлкім екі жылдан соң өтіп қалар, - деп жазады BoxingScene.com Малиньяджидің сөзін. - Не болып жатқаны айқын. "Канело" жас және ол сол басымдылығын қолданып жатыр. Головкин қартайған кезде "Канело" әлі жас болады. "Канело" 1990 жылы туған, сондықтан уақыт оның жағында. Ол әлі де нағыз бабында. Бұл жекпе-жек туралы қазір неге айта беретінімізді білмеймін, бұл кездесу тек Головкин қартайып қалған шағында ғана ұйымдастырылады". 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай