ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қаңтар 2020 | 10:14
Америкалық боксшы жеңіске жетіп, есінен танды
АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті. Шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті. Шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек тек бір раундқа созылды, осы уақытта Ринкон қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген. Америкалық 27 жастағы боксшы үшін бұл спорттық мансабындағы оныншы жеңіс, ол әзірге шаршы алаңда тізе бүкпеген.
Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ринкон өз бұрышына келгенде дірілдеп, есінен танып қалған. Бірнеше минуттан соң боксшы есін жиған және ауруханаға жеткізілген.
Оның есінен танып қалуына не себеп болғаны белгісіз, өйткені Ринкон жұдырықтасу кезінде бірде-бір ауыр соққы алмаған. Ал Перес осымен оныншы рет жеңілді, сонымен қоса, оның 13 жеңісі және бір тең түскен кездесуі бар.
Crazy to see the winner of a Fight George Rincon win by 1st round Stoppage in the first fight tonight on Dazn but then Barely made it back to his corner before he collapsed and had a seizure. I Hope Hes ok anyone got an update on why? #dazn #boxing pic.twitter.com/yR4Cn2TBlX
— Chris Deep (@Xdeep13) January 12, 2020
Показать комментарии
Читайте также