04 сәуір 2019 14:59

Америкалық боксшы неліктен Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allboxing.ru © allboxing.ru

Тhe Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық боксшы Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасудың орнына неге басқа қарсыласты таңдағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда Адамс қазақстандық боксшының 8 маусымдағы DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алғашқы жепке-жегіне қарсылас болуы керек еді.

Алайда америкалыққа орта салмақта WBC титулына ие отандасы Джермалла Чарлодан (28-0, 21 КО) ұсыныс түскен. Олардың жекпе-жегі 15 маусымда Хьюстонда өтеді және Showtime арнасынан трансляцияланады.

BoxingScene мәліметінше, Адамс Чарлоның ұсынысын қаржылық жағынан Головкин өкілдерінің келісімшартынан артық болғандықтан қабылдаған.

Осылайша, польшалық Камил Шереметамен (19-0, 4 КО) де жекпе-жек өткізу мүмкін болмайтындықтан, GGG маусымдағы жекпе-жегіне қарсылассыз қалды.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети