03 наурыз 2017 14:38

Америкалық журналист Головкинді Альварестен қашып жүр деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© matritca.kz © matritca.kz

Америкалық журналист Джошуа Блисман boxingnews24.com сайтында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мексикалық боксшы Сауль Альварестен қашып жүр деп айыптады, - деп хабарлайды Vesti.kz


Америкалық журналист Джошуа Блисман boxingnews24.com сайтында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мексикалық боксшы Сауль Альварестен қашып жүр деп айыптады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Головкин "Канелодан" қашуын тоқтатып, жекпе-жекке шықсын!" - деп бастады ол мақаласын.

"Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелодан" қашып жүр ме? Әрине, сөзсіз, менің ойымша. Альварестің промоутерлері Golden Boy командасы Головкинге 15 миллион долларлық келісімшарт ұсынды. Осыған дейін оған 10 миллион доллар ұсынған болатын. Головкинге осындай ұсынысты басқа кім береді? Ешкім!", - деп жазды Джошуа Блисман.

Дэниэль Джейкобспен кездесу арқылы ол бір саты жоғарылайды, бірақ бұл элита емес. 

"Ал Альварес заманымыздың ең мықты деген үш боксшысымен шаршы алаңға шығып, жұдырықтасты. Ол тізімде бокс әлеміндегі бірінші боксшы болып саналып жүрген Флойд Мейвезер, оған дейін бірінші болған Мигель Котто да бар. Сауль "Канело" Альварес Даңқ залының шынайы өкілі. Головкин болса осы 15 миллионды алып, жекпе-жекке шығуы тиіс, бірақ менің ойымша ол бұл ақшаға лайықты емес", - деді boxingnews24.com жураналисі. 

Оның айтуынша, егер осындай келісімшарт ұсынса өзі Головкинмен де, "Канеломен" де жекпе-жекке ойланбастан шығуға дайын. Айтуынша, Головкин осы кездесуді жеңіспен аяқтаса, оның атақ-дәрежесі көтерілері сөзсіз. Бірақ бұл кездесуде "Канело" фаворит.

"Головкин мен оның промоутерлері ақшаны сылтауратып, жұдырықтасудан бас тартып жүр. Головкин ондай деңгейге әлі көтерілген жоқ. БАҚ-та жарияланған мақалалардағыдай GGG шын мықты болса, сылтау іздей бермей, жекпе-жекке шықсын. БАҚ пен Головкин жұрттың барлығына "Канелоны" қашып жүргендей етіп көрсетті, бірақ шынына келсек, Головкиннің өзі қашып жүр", - деп жазады автор. 

"Канело" қазір болса да жекпе-жекке шығуға дайын! Бокстан хабары бар адам "Канело" мен Головкиннің деңгейін жақсы біледі. Головкиннің спорттағы мансабының мықты болуы оның әлі күнге бірде-бір шын мықтымен шаршы алаңға шығып, жұдырықтаспауынан. Жанкүйерлер де біледі. Мықты боксшы тек мықтылармен шығуы керектігін. Головкин жақсы боксшы ма? Әрине. Бірақ ол ұлы боксшы ма? Ешкім білмейді. Өзі және промоутері осы сұрақтың жауабын бермей отыр бізге. Жоғары салмаққа көтерілуден бас тартуының да себебі осы, себебі оның салмағында мықтылар жоқ. Көптеген чемпиондар осылай істейді. Головкиннің жасы 34-те. Оның қорқынышын 15 миллион доллар жаппай ма? Оған қанша қаражат керек екен сонша?", - деп бөлісті Блисман өз ойын.  

Айта кетейік, Альварес пен Головкиннің командалары былтырдан бері келіссөз өткізіп жатыр. Том Леффлердің сөзінше, жекпе-жек биыл қыркүйекте өтеді.

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте болады деп белгіленген. "Канело" болса 6 мамырда Лас-Вегаста Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети