02 маусым 2017 09:23

Америкалық журналист Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына таңғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

SportRadio 610 журналисі әрі продюсері Брайн Макдональд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына таңғалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


SportRadio 610 журналисі әрі продюсері Брайн Макдональд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына таңғалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Төрт жыл бұрын ешкім білмеген қазақстандық жігіт НБА ареналарымен бірдей ареналарда көп адам жинады, Jordan компаниясымен келісімшарт жасасты және бокстағы ең табысты жекпе-жек өткізді. Crazy", - деп жазды Макдональд Twitter желісінде. Кейін бұл жазбаны GGG промоутері Том Леффлер бөлісті. 

35 жастағы Головкин АҚШ-та 2010 жылдан бері рингке шыға бастады. Содан бері ол 10 жекпе-жек өткізді. Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте жекпе-жек ұйымдастырды. Қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети