25 қаңтар 2016 10:01

Әмір Хан: GGG - "Канеломен" жекпе-жекте фаворит

ПОДЕЛИТЬСЯ

© © vk.com/ggolovkin © © vk.com/ggolovkin

Ағылшын боксшысы Әмір Хан орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымында әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекте фаворит деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ағылшын боксшысы Әмір Хан орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымында әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекте фаворит деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше, GGG - "Канеломен" жекпе-жекте фаворит. GGG - рингте нағыз жыртқыш - екі қолымен де күшті соққылар жасайды, комбинациялары да мығым. Біз оның 100 пайыз мүмкіндігін әлі көрмедік деп ойлаймын. Оның әуесқой мансап жолы керемет болды, мен сияқты Олимпиада да күміс медаль жеңіп алды. Біз оның мүмкіндіктерін білмейміз. Оған сынақ керек, "Канело" сол сынақ бола алуы тиіс", - деді Хан.

Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегі биыл өтуі тиіс. Бұл кездесу 2016 жылғы ТОП-10 жекпе-жектерінің көшін бастады. 

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Оған IBF титулына міндетті үміткер, багам боксшысы Туреано Джонсон қарсылас болуы керек, бірақ ол жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде қазақстандық боксшының келесі қарсыласының кім екендігі белгісіз қалып отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети