27 наурыз 2016 10:30

Андре Уорд Салливан Баррераны жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андре Уорд. © theguardian.com Андре Уорд. © theguardian.com

Екінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы 32 жастағы америкалық Андре Уорд IBF титулы үшін міндетті үміткер 34 жастағы кубалық Салливан Баррераның мәнсабындағы тұңғыш жеңіліске себепкер болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы 32 жастағы америкалық Андре Уорд IBF титулы үшін міндетті үміткер 34 жастағы кубалық Салливан Баррераның мәнсабындағы тұңғыш жеңіліске себепкер болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Оклендте (Калифорния штаты, АҚШ) өтті. Басылымның мәліметінше, Уорд бірінші секундтардан-ақ жойқын шабуылдар жасап, қарсыласын есеңгіретіп тастауға тырысты. Алайда Баррера лайықты қарсылық танытып, қорғанып бақты. Екінші раундта америкалық соққыларын күшейтіп, шабуылды үдетті.

Үшінші үшминуттықтың ортасында Уорд Баррераның басынан сол жақтан соққы беріп, құлатты. Алайда кубалық спортшы бірден орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Одан кейінгі раундтарда боксшылар белсенді түрде жұдырықтасып, Уордтың соққылары қарсыласына қарағанда дәл тиіп жатты. Сегізінші раундтың соңында америкалық боксшы қарсыласының шабынан ұрып, сол үшін ұпайы алып тасталынды.

Ақыры боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасып, судьялар бір ауыздан жеңісті Уордқа берді. Бұл оның 29-жеңісі. Ал Барррераның қоржынында 17 жеңіс пен осымен бір жеңіліс бар. Бокс жөнінде өзге жаңалықтарды мына жерден оқуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети