Кәсіпқой бокста орта салмақта чемпион Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) өз жанкүйерлеріне Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жектен не күтуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқой бокста орта салмақта чемпион Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) өз жанкүйерлеріне Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жектен не күтуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Маған ескі мектеп ұнайды. Мен кейде сұмдық ессіз жекпе-жек ұйымдастырғым келеді, себебі егер сен әрдайым мықты болып көрінсең, сенімен ешкім жұдырықтасқысы келмейді", - деп жазады Головкиннің сөзін Boxingnews24.com. - Джейкобс менен қорықпайды, бұл - бокс. Ол өз жұмысын біледі және жеңіске жетуге деген мүмкіндігіңнің қаншалықты екенін біледі".
Осыған дейін, GGG өз жанкүйерлеріне Джейкобспен болатын жекпе-жекте үлкен сый жасайтынын айтқан. Сонымен қатар ол жеңіске жету үшін бар білгенін аяп қалмайтынын айтты.
Джейкобс болса Головкиннен қорықпайтынын және осы жекпе-жек үшін өмір бойы дайындалғанын айтқан. Америкалық боксшы орта салмақта бірінші болатынын да айтқан еді.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.