10 тамыз 2014 14:40

"Астана арландары" мен "Куба қабыландары" қыркүйекте күш сынасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astanaarlans.kz ©astanaarlans.kz

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Бүкіләлемдік бокс сериясының соңғы жеңімпаздары "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды  Аstanaarlans.kz


Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Бүкіләлемдік бокс сериясының соңғы жеңімпаздары "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды  Аstanaarlans.kz

Қос клуб арасындағы кездесу 9 және 10 қыркүйек күні "Дәулет" теннис орталығында өтіп,әр күнгі жекпе-жектерде бес былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

"WSB жобасының ең мықы екі клубы арасындағы жекпе-жекті күллі әлем мақұлдады. Біз бұл екі клубтың да соңғы жылдары жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқаны үшін өте қуаныштымыз. Сондықтан да бұл жекпе-жекке AIBA-да бірауыздан рұқсат берді", - дейді WSB жетекішісі Карим Боузиди. 

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы 2015 жылдың 8 қаңтарында басталады. Ал финалдық жекпе-жектер 2015 жылдың 11-12 маусымында өтеді. Біздің клуб алдағы V-ші маусымда "В" тобында өнер көрсететін болады. "Астана арландарынан" өзге бұл топта Argentina Condors (Аргентина), Venezuela (Венесуэла), USA KnocKouts (АҚШ), Italia Thunder (Италия), Azerbaijan Baku Fires (Әзірбайжан), Poland Hussars (Польша) сынды клубтар да бар. Ал, "А" тобына Ukraine Otamans (Украина), Cuba Dommadores (Куба), Russia Boxing Team (Ресей), German Eagles (Германия), Algeria Desert Hawks (Алжир), Mexico Gererros (Мексика), Қытай және Марокко клубтары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, "А" тобына жеті клуб, "В" тобына сегіз клуб түскен. Енді екі топта да клубтардың саны бірдей болу үшін AIBA алдағы уақытта бұл жобаға тағы бір ұжым қосады. Ол Пуэрто-Рикалық клуб болуы мүмкін. Одан бөлек биылғы маусымда үш жаңа клубтар бар. Олар – Қытай, Марокко және Венесуэла ұжымдары. Бұл тізімдегі Қытай ұжымы бұл жобаның I-ші және II-ші маусымына қатысса, Марокко мен Венесуэла клубтары бірінші рет бақтарын сынағалы отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети