Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Астана Арланс" WSB алғашқы жартылай финалында Ресей командасын ойсырата жеңді

23 Мамыр 2015, 23:09
1
Теміртас Жүсіпов және Вадим Кудряков. © Vesti.kz
Теміртас Жүсіпов және Вадим Кудряков. © Vesti.kz
Қайрат Ерәлиев және Андраник Григорян. © Vesti.kz
Қайрат Ерәлиев және Андраник Григорян. © Vesti.kz
Самат Бәшенов және Авак Узлян. © Vesti.kz
Самат Бәшенов және Авак Узлян. © Vesti.kz
Мейірім Нұрсұлтанов жіне Сухроб Сидиков. © Vesti.kz
Мейірім Нұрсұлтанов жіне Сухроб Сидиков. © Vesti.kz
Василий Левит және Виталий Кудухов. © Vesti.kz
Василий Левит және Виталий Кудухов. © Vesti.kz

Қазақстандық "Астана Арланс" кәсіби бокс клубының спортшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) алғашқы жартылай финалында Ресей командасын 5:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай финал Астанада өтті.

Рингке ең алғашқы болып 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов пен ресейлік Вадим Кудряков шықты. Нәтижесінде қазақстандық 3:0 есебімен жеңді.

"Астана Арланс" құрамасына екінші жеңісті Қайрат Ерәлиев әкелді. 56 келіге дейінгі салмақ дәржесінде өнер көрсеткен ол ресейлік Андраник Григорянды 3:0 есебімен жеңді.

"Астана Арланс" капитаны Самат Бәшенов Авак Узлянды жеңіп, құрамаға жеңісті уақытынан бұрын әкелді. Олар 64 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Алғашқы раундта ресейлік жеңді, дегенмен қалған екі раунд қазақстандықтың пайдасына шешілді.

75 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен ресейлік Сухроб Садиков жекпе-жек өткізді. Төрешілер бір ауыздан Мейірімнің жеңіске жеткенін айтты.

Бесінші болып "Астана Арланс" құрамасынан Василий Левит 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы ресейлік Виталий Кудухов болды. Ресейлік спортшы кездесу барысында 3 рет ескерту алды. Одан кейін төреші ойынды тоқтатып тастады. Нәтижесінде қазақстандық жеңіске жетті.

Басылымның хабарлауынша, төртінші раундтан кейін рингке бөтелке лақтырылған. Осыдан кейін ринг-анонсер хабарландыру айтты: "Енді лақтырсаңдар бізден жеңісті тартып алады".

Осылайша, "Астана Арланс" Ресей командасымен болған кездесуде жеңіске жетті. Командалар арасындағы келесі жекпе-жектер Астанада 24 мамырда болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай