28 ақпан 2015 19:57

"Астана Арланс" боксшылары "Италия Тандерден" басым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©worldseriesboxing.com ©worldseriesboxing.com

"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Италия тандер" командасынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бокс кеші 28 ақпан күні кешкісін өтті.


"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Италия тандер" командасынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бокс кеші 28 ақпан күні кешкісін өтті.

Кездесу 3-2 есебімен аяқталды. Біздің команданың құрамында Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Асхат Уәлиханов (64 келіге дейін), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жұдырықтасты. Бірінші жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов Патрик Барнсқа есе жіберді. Ал Асхат Уәлиханов Винченцо Мангиакапреден ұтылды. Қазақстандық тағы үш спортшы болса жеңіске жетті.

Айта кету керек, бұл - "Астана Арланс" клубының WSB-дің жаңа маусымындағы қатарынан жетінші жеңісі. Бұған дейін "Аргентина қырандары", "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети