14 наурыз 2015 19:54

"Астана Арланс" боксшылары "Рафако гусарларын" күйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vk.com/"Астана Арланс" клубының ресми парақшасы ©Vk.com/"Астана Арланс" клубының ресми парақшасы

"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Рафако гусарларынан" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бокс кеші 14 наурызда Шымкент қаласында өтті.


"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Рафако гусарларынан" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бокс кеші 14 наурызда Шымкент қаласында өтті.

Кездесу 5-0 есебімен аяқталды. Біздің команданың құрамында Ержан Жомарт (49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Мейірболат Тойытов (56 келіге дейін), Самат Бәшенов (64 келіге дейін), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жұдырықтасты. Бірінші жекпе-жекте Ержан Жомарт Давид Ягодзиньскийді жеңді. Ал Мейірболат Тойытов Сильвестер Козловскийден басым түсті. Самат Бәшенов болса Казимеж Леговскийді техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Мейірім Нұрсұлтанов пен поляк боксшысы Томаш Яблонскийдің жекпе-жегінде қазақстандықтың боксшының мерейі үстем болды. Соңғы кездесуде Василий Левит қарсыласы Игор Якубовскийді техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, бұл - "Астана Арланс" клубының WSB-дің жаңа маусымындағы қатарынан сегізінші жеңісі. Бұған дейін "Италия тандер", "Аргентина қырандары", "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети