Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Астана Арланс" клубы Италия боксшыларынан жеңіліп қалды

26 Сәуір 2015, 08:42
0

Қазақстандық команда WSB маусымында Италияның "Италия Тандер" командасынан 3:2 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Италияның Бергамо қаласында өткен кездесу 2:3 есебімен "Италия Тандер" клубының пайдасына шешілді. "Арландар" құрамында 69 келіге дейінгі салмақта Адам Патрик Ноланды жеңген Асланбек Шымбергенов пен Алессио Спахиуды екінші раундта нокаутқа түсірген ауыр салмақтағы Филипп Хргович жеңіске жетті.  

Ал 52 келіге дейінгі категорияда Мирас Жақыпов 2:1 есебімен жеңіліп қалды, төрешілер жеңісті оның қарсыласы Гаурав Бидхуриге берді. Роман Щергинов болса (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) Донато Козенцтен 0:3 есебімен есе жіберді. Хорват легионері Хрвое Сеп те (81 келіге дейін) Валентино Манфредоньеге қарсы тұра алмады.  

Осылайша "Астана Арланс" үздіксіз келе жатқан 13 жеңіс сериясын үзіп алды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай