15 шілде 2017 21:57

"Астана Арланс" "Куба Домадорес" боксшыларын жеңіп, WSB чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Арланс" Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының финалында "Куба Домадорес" боксшыларын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Астана Арланс" Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының финалында "Куба Домадорес" боксшыларын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Финалда 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 11-ші жекпе-жек шешуші болды. Бұл матчта Олжас Байниязов пен Фрэнк Залдивар кездескен еді. Бұл жұпта қазақстандық боксшы басым болып, "арландарға" жеңіс сыйлаған алтыншы ұпайды алып берді. 

"Астана Арланс" жекпе-жектер барысында 2-5 есебімен жеңіліп тұрғанын да айта кетейік. 

Осылайша Astana Arlans Бүкіләлемдік бокс сериясының ең мықты командасы атанды. Арландар бұл турнирде үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұл финалға дейін кубалықтар да, "арландар" да екі рет чемпион болған еді. 

Чемпиондар құрамында жеңіске мына боксшылар қарсыластарынан басым болды: Асланбек Шымбергенов, Зәкір Сафиуллин, Олжас Боқаев, Теміртас Жүсіпов және Ілияс Сүлейменов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети