25 қыркүйек 2017 11:34

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бокс федерациясының өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бокс федерациясының өкілдеріне сілтеме жасап.

"22 қыркүйекте Астанада Қазақстан бокс федерациясының Кубогының ширек финалында Астана өкілі Рахат Маржықпаев пен Аман Қазанғаповтың кездесуінің қорытындысында жеңіс соңғысына берілді. Бұл шешім елордалық спортшының бапкерінің көңілінен шықпай қалса керек, ол рингтен шығып, рефериге ішіне және басына соққы жасады. Төреші Амангелді Ақшолақов жауап берді, кейін жеңіліп қалған спортшының өзі жүгіріп келіп, төрешіге қос соққы жасады. Осыдан кейін оларды ажыратты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы жекпе-жекте төрелік еткен Амангелді Ақшолақовтың 28 жылдық тәжірибесі бар маман екені және AIBA жоғары категориясының иегері екендігі айтылады. Оның үстіне өзі де бұрынғы боксшы екен - Еуропа чемпионатының жүлдегері және Кеңес Одағының 1984 жылғы чемпионы.

"Шынымды айтсам, бұлай болады деп күтпедім. Өмірімде мұндай бірінші рет болып отыр, - дейді Ақшолақов. - Бұл жанжал бапкердің өз шәкіртінің екінші нокдаунын байқамағанынан шықты, сосын ол спортшыны қасақана жеңіліске ұшыратты деп ойлалы. Кейін бапкер келіп, кешірім сұрады. Адам ретінде оны түсінемін. Бірақ, әрине, мұндай жағдайлар жазасыз қалмауы тиіс".

"Астана мен Жамбыл облысы командаларының кездесуінде болған оқиға назарсыз қалмайды", - деп мәлімдеді ҚБФ Қазақстанда жарыс өткізу жөніндегі координаторы Болат Әбдірахманов.

Әбдірахманов оқиғаның толықтай зерттелетінін айтты. "Бапкер де, спортшы да шеттетіледі, - деді Әбдірахманов. - Олардың нақты қандай мерзімге дейін шеттетілетінін бапкерлер кеңесі мен атқарушы комитет бюросы шешеді. Қандай жағдай болса да, өзгелерге сабақ болатындай жаза шығарамыз".

Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының Астанада өткен Кубогында жекпе-жек даумен аяқталған еді. Оқиға турнирдің ширек финалында болған. Жамбыл облысының тумасы Аман Қазанғапов пен жасөспірімдер арасындағы елордалық әлем чемпионы Рахат Маржықпаевтың кездесуі аяқталғаннан кейін соңғысының бапкері рефериге жақындап келіп, наразылығын айта бастайды, ал кейін ішінен, басынан соққы жасайды. Артынша төрешінің де жұдырық сермегенін байқауға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети