Астаналықтар Геннадий Головкинге өлең арнады

23 Қыркүйек 2018, 20:06
0
Астаналықтар Геннадий Головкинге өлең арнады -

Астаналықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін қолдау білдіру мақсатында өлең арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жобаға жеті жігіт қатысқан. Олар өлеңді видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялады. "GGG жекпе-жектерін бұрыннан тамашалап келемін. Оны спортшы және адам ретінде қатты құрметтеймін. Соңғы жекпе-жектің нәтижесіне көңіл күйім қатты түсті. Мен оған қолдау білдіргім келді, бірақ қалай істерімді білмедім. Бір досым маған өлең шығаруды, сосын оны видеоға түсіруді ұсынды. Барлығын өз күшімізбен жасадық - досым режиссер оқуын оқыған, түсіруге көмектесті. Қалған жігіт өлеңді оқып шықты", - дейді жоба авторы Саид Сапин. 

Жоба мүшелері Геннадий Головкинге осы қолдау құлағына жетеді және видеоны көреді деп үміттенеді. 

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында жекпе-жек өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай