11 қазан 2016 16:29

Әуесқой бокста мен өзімді әлі көрсетемін - Василий Левит

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Василий Левит Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысаты жөнінде жоспары жоқ екенін айтты.


Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Василий Левит Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысаты жөнінде жоспары жоқ екенін айтты.

Неге мұндай шешімге келдіңіз деген сұраққа Левит мұның ұжымдасып шешілгенін айтты. "Мен ата-анаммен ақылдастым, басшылықпен және өзімде ойландым. Әуесқой бокста мен өзімді әлі көрсетемін. Онда өте көп жарыс бар", - деді боксшы. 

Соңғы Олимпиада ойынының жүлдегері, Токиода өтетін Олимпиадаға қатысуды қалайды. "Бұл енді құдайдың бергеніне байланысты. Төрт жыл дегеніміз өте ұзақ мерзім. Өзіңді сақтау қажет, қалпыңды дұрыстап, лицензиняы жеңіп алуға тырысу керек", - деді Левит.

Ол бастамасын келесі жылы өтетін Азия чемпионатынан және әлем чемпионатынан бастамақ. Алайда Левиттің кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі әлі шешілмей тұр. "Әзірше әуесқой бокста боламын, ары қарай уақыт көрсете жатар. Менің ойымша барлық жағдайды ескеру қажет. Бұл өмірде барлығы да түгелдей өзгеруі мүмкін", - деді боксшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети