25 қараша 2019 17:55

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегін Ресейде өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінде ганалық Ободай Саймен (35-3, 26 КО) кездесуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы боксшының командасына сілтеме жасап. 

Африкалық боксшы Ербосынұлының 21 желтоқсан Красноярда өтетін жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отыр. Бұл кездесу бірінші ауыр салмақта WBA және IBF чемпионы Денис Лебедев (32-2, 23 КО) пен оңтүстікафрикалық Табисо Мчунумен (21-5, 13 КО) жекпе-жегінің андеркартына жоспарланған.

Сай көбіне өз елінде жұдырықтасып, Ұлыбритания мен АҚШ бір жекпе-жектен өткізген. Қазір ол орта салмақта WBO Africa құрлықтық белбеуіне ие және рейтингтің ТОП-10 тізімінде. Ал Айдос бұл рейтингіде сегізінші.

Екінші орта салмақта өтетін жекпе-жек форматы - 10 раунд.

27 жастағы Айдос соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА Топ-3 рейтингіне кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети