07 сәуір 2017 08:03

Батыр Жүкембаев "IBO International" чемпионы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Eye of The Tiger Management © Eye of The Tiger Management

Қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық боксшы Косме Ревераны жетінші раундта нокаутпен ұтты.

Қос боксшы арасындағы чемпиондық атақ сарапқа салынған жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда отандасымызға қарсы жекпе-жекте мексикалық боксшының қауқары жеті раундқа дейін жетті.

Жекпе-жек басталысымен Батыр алға ұмтылды. Ширақ қимылдап, қарсыласын жылдам ұтып шығудың жолын іздей бастады. Үшінші раундта Батырдың жойқын соққысынан кейін төреші нокдаун ашты. Дегенмен Косме Ревера есін тез жинады. Бесінші және алтыншы раундтарда Батыр Жүкембаев қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, тағы екі рет қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал жетінші раундтан кейін Косме Ревера жекпе-жекті жалғастыратын халде болмады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, отандасымызды чемпион ретінде таныды.

26 жастағы отандасымыз спорттық мансабындағы алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісін тойлады. Оның 8-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Батыр жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келеді.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы бокс кешінің бірінші жекпе-жегінде отандасымыз Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшы Кристиан Арразоланы ұтқан болатын

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети