25 қыркүйек 2016 11:12

Батыр Жүкембаев екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bob Levesque © Bob Levesque

Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (4-0, 4KO) өзінің келесі кездесуін 24 қыркүйек (Астана уақыты бойынша 25 қыркүйек) күні Канаданың Квебек қаласында бесінші кездесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Dodasport


Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (4-0, 4KO) өзінің келесі кездесуін 24 қыркүйек (Астана уақыты бойынша 25 қыркүйек) күні Канаданың Квебек қаласында бесінші кездесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Dodasport

Отандасымыз кезекті мәрте ауыр соққыларын қарсыласына ауыр соққылар жасап, екінші раунда-ақ техникалық нокаудпен жеңіске жетті. Бұл жолы Батырдың қарсыласы тәжірбиелі Мексикалық боксшы Сесилио Сантос (Cecilio Santos Galindo) болды. 

"Жекпе-жек аса қиынға соқты деп айта алмаймын. 2 раундта-ақ қарсыласымды нокаутқа жібердім. Негізі мен салмақ өлшеу рәсіміне дейін бразилиялық боксшы Леандро Мендес Пинтоға (19-9-2, 9 KO) қарсы дайындалып едім. Алайда, ол қарсыласым дәрігерлік тексерістен өпей қалды. Сөйтіп, аяқ асты мүлдем бейтаныс мексикалық боксшымен шығуыма тура келді. Дегенмен, нәтиже жаман емес. Жеңісті жолымды жалғадым. Осы ретте Қанада және Қазақстандағы қолдау білдірген барлық жанкүйер-жанашырларыма алғыс айтамын. Бұйырса, менен жарқын жекпе-жектерді күтіңіздер", - дейді Батыр Жүкембаев.

Сесилио Сантос1978 жылы Мексикада туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 1997 жылдың 22-қарашасында өткізіп, теxникалық нокаутпен ұтқан. Ал, соңғы кездесуін 2016 жылдың 13-тамызда өткізіп, жеңіске жеткен. Кәсіпқой бокста 66 кездесу өткізіп, 31 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 29 кездесуінде жеңілген. Ал, 6 кездесуі төрешілер шешімі бойынша тең аяқталған.

Енді Батыр "777" Жүкембаев 22 қазан күні Давид Льеменің шоуында кездесу өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети