20 желтоқсан 2017 14:59

Батыр Жүкембаев қазақстандық боксшылардың P4P рейтингінде үздік үштікке жақындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев. © Vincent Ethier/EOTTM Батыр Жүкембаев. © Vincent Ethier/EOTTM

Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Батыр Жүкембаев (11-0, 9 КО) BoxRec нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound, P4P) қазақстандық үздік боксшылар рейтингінде үштікке жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Батыр Жүкембаев (11-0, 9 КО) BoxRec нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound, P4P) қазақстандық үздік боксшылар рейтингінде үштікке жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Жүкембаев 16 желтоқсанда Канаданың Лавале қаласындағы Place Bell аренасында өнер көрсетті. Сол кештің басты жекпе-жегінде канадалық Давид Лемье (38-4, 33 КО) мен орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жұдырықтасқан еді. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы 22 жастағы америкалық Уилберт Лопес болды. Боксшылар сегіз раундты толығымен өткізіп, бірауыздан төрешілер шешімі бойынша Жүкембаев жеңімпаз атанды. 

Осының арқасында Жүкембаев BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде жеті орын көтеріліп, төртінші орынға табан тіреді. Бұл тізімде көш бастап тұрған Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), Қанат Ислам (25-0, 20 КО) және үздік үштікте Жанат Жақиянов (27-2-0, 18 КО) тұр. 

Сонымен қатар, ұлыбританиялық журналист Деклан Тэйлор Жүкембаевқа лақап ат қойды, ал оның әріптесі The Ring журналының тілшісі Дуглас Фишер қазақстандық боксшының жұдырықтасуына тәнті болды. 

BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінің үздік он боксшы:

1. Геннадий Головкин (орта салмақ)
2. Қанат Ислам (бірінші орта салмақ)
3. Жанат Жақиянов (аса жеңіл салмақ)
4. Батыр Жүкембаев (бірінші жартылай орта салмақ)
5. Жанқош Тұраров (жартылай орта салмақ)
6. Бекман Сойлыбаев (екінші жартылай жеңіл салмақ)
7. Иса Ақбербаев (бірінші ауыр салмақ)
8. Али Ахмедов (жартылай ауыр салмақ)
9. Бахтияр Эюбов (жартылай орта салмақ)
10. Айдар Шәрібаев (жеңіл салмақ).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети