13 желтоқсан 2019 11:14

Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, қазақтандық кәсіпқой боксшы рингке 25 қаңтарда Монреальда қайта шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Ал ертең, 14 желтоқсанда Жүкембаев Мәскеуде жанкүйерлерімен кездеседі. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев әлемнің бұрынғы чемпионы, "Канелоның" қарсыласы болған мексикалық Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын иеленген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети