19 қыркүйек 2018 09:20

Белгілі комментатор Головкин-Альварес кездесуінің судьяларын сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Макс Келлерман. © Boxing Scene Макс Келлерман. © Boxing Scene

Белгілі комментатор Макс Келлерман Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Белгілі комментатор Макс Келлерман Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

HBO телеарнасының сарапшысының айтуынша, реванш тең есеппен аяқталуы тиіс болған.

"Төрешілердің шешімімен келісемін бе? Меніңше, кездесу тең есеппен аяқталуы керек еді. "Канело" алғашқы 6 раундты жеңді, ал Головкин соңғы 6 раундты жеңді. Сонда тең болып тұрған. Ешқандай нокдаун болған. жоқ. Себебі тең есеппен аяқталды", - деді ол First Take бағдарламасының эфирінде.

"Төрешілікке қатысты сұрақтарым бар. 12-раунд негізі Головкиндікі болды, ол жеңді. Алайда үш судьяның екеуі - Дэйв Моретти мен Стив Вайсфельд жеңісті "Канелоға" берді. Оны Головкиннің пайдасына шешкенде тең есеппен аяқталар еді. Бірақ енді Головкин барлық титулынан айырылып қалды. Меніңше, екінші реваншта тең есеп әділ болар еді", - дейді комментатор.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалған болатын. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

"Канелодан" жеңілген Головкин P4P королі атағынан айырылды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети