ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2019 | 15:13
Белгілі промоутер Головкинді жеңе алатын боксшыны атады
Британиялық Билли Джо Сондерс MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде қонақ болып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді.

Сондерстің промоутері Боб Арумның (Top Rank Promotions) пікірінше, британиялық боксшы GGG-ді жеңе алады. Промоутер Сондерстің мексикалық Сауль Альваресті де жеңетініне сенімді.
"Меніңше, Сондерс - Головкинмен гипотезалық жекпе-жектің фавориті. Альвареспен жекпе-жекте де фаворит болады. Головкин өзіне қарсылас іздеп жатыр. Бәсекелес бола алатын адам іздесе, Сондерске назарын аударғаны жөн. Келесі жекпе-жегін осы жігітке қарсы өткізуі керек", - деді Арум.
Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 6 шілдеде елордадағы "Барыс-Аренада" өткен бокс кешіне қатысып, рингте Қазақстанға алғысын айтқан. Сонымен қатар, Головкинге Қазақстанда жекпе-жек өткізуді ұсынған болатын.
Показать комментарии
Читайте также