03 сәуір 2018 10:57

Билеттерді қайтармауды сұраймын - Головкиннің промоутері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thefightcity.com © thefightcity.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Лас-Вегастағы жекпе-жегін тамашалауды жоспарлап отырған жанкүйерлерге билеттерін кері қайтармауға шақырды, - деп хабарлайды ESPN порталы.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Лас-Вегастағы жекпе-жегін тамашалауды жоспарлап отырған жанкүйерлерге билеттерін кері қайтармауға шақырды, - деп хабарлайды ESPN порталы.

"Синко де Майо күні (5-мамыр) Лас-Вегасқа ұшаққа тапсырыс беріп, GGG жекпе-жегін тамашалауды жоспарлаған барлық жанкүйерлерді билеттерін кері қайтармауды сұраймын. Себебі, біз 5-мамыр күні Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастырамыз. Мейлі ол "Канелоға" қарсы жекпе-жек болмаса да", - дейді Леффлер.

"Біз қазір барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Әрине жанкүйерлердің ең асыға күтіп жүрген жекпе-жегі GGG-"Канело" арасындағы айқас еді. Егер біз бұл кездесуді ұйымдастыра алмасақ та, Головкин жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ қарсылас анықталмады",- деді промоутер.

Еске салайық, 27-наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10-сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18-сәуірге ауыстырылды.

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5-мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети