08 қыркүйек 2018 17:58

Бокс жұлдыздары Головкин мен Альварестің реваншына болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © boxingnewsonline.net Геннадий Головкин. © boxingnewsonline.net

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы рематчты көрсететін Ұлыбритания мен Ирландияның бірнеше спорттық арнасы бокс жұлдыздары мен сарапшылар арасында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Сауалнамаға қатысқан тоғыз адамның сегізі жеңіске GGG жететініне сенімді.

"Біреу айтуы керек: "Жоқ, мен енді қателік жасамаймын. Жұдырығым менің төрешім болады". Менің ойымша мұны Головкин айтады", - деді Леннокс Льюис.

GGG-дің жеңетіні жайлы Билли Джо Сондерс, Лиам Смит пен Мартин Мюррей айтты. Тек Тайсон Фьюридің жауабы өзгеше болды. Алайда ол да Альварес жеңеді, деп отырған жоқ. "Жанкүйерлер жеңеді", - деді ол.

Айта кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети