11 наурыз 2015 17:58

Боксшы Данияр Елеусінов қандай қызға үйленгісі келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. ©Данияр Майлыбаев, ҚБФ Данияр Елеусінов. ©Данияр Майлыбаев, ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, AIBA тұжырымы бойынша екі мәрте үздік боксшы атанған Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қандай қызға үйленгісі келетінін айтты. Боксшы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттермен кездесіп, алдағы жоспарларын да бөлісті.


Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, AIBA тұжырымы бойынша екі мәрте үздік боксшы атанған Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қандай қызға үйленгісі келетінін айтты. Боксшы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттермен кездесіп, алдағы жоспарларын да бөлісті.

"Қазақтың келіні, біріншіден, ата-ананы сыйлауы керек. Оның тәрбиесі мен қылығына назар аудару қажет, бұл өте маңызды. Мен үшін қалыңдығымның немен айналысатыны маңызды емес. Егер спортшы қыз болса, спорт денсаулық үшін жақсы және мен оны қолдайтын едім", - деді Елеусінов.

Сондай-ақ, боксшы болашақта өз балаларының спортпен айналысу ниеттерін құптайтынын да айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Порталдың мәліметінше, Елеусінов кәсіпқой бокста бағын сынап көруді жоққа шығармайды. Бірақ қазір ол Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қызу дайындалып жатыр.

"Кәсіби бокс саласында қазір менің үлкен ағам Дәурен бағын сынап жүр. Ал маған қатысты айтатын болсақ, мен мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын. Менің қазіргі мақсатым - Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада мен алдағы әлем чемпионаттары, уақытында көре жатармыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Елеусінов қандай боксшылардан бағыт-бағдар алатынын айтты. Ол тізімде Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаевтар бар. Ал "Боксшы болмағанда немен айналысар едіңіз?" деген сұраққа "Бокс болмағанда, футболмен айналысар едім. Мен футболды жақсы ойнаймын, жасөспірім кезімде мектептің құрама командасында өнер көрсетуге дейін жеткенмін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети