12 наурыз 2015 19:58

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы студенттердің алдында ән айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлы. ©kfb.kz Жәнібек Әлімханұлы. ©kfb.kz

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанада студенттердің өтініші бойынша ән шырқады, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанада студенттердің өтініші бойынша ән шырқады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жәнібек Әлімханұлы, әлем чемпионы Данияр Елеусінов және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге Сәкес Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесуде студенттер спортшыларға көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Әңгіме барысында студенттер Жәнібектен ән айтып беруді сұрады. Бұл өтінішті боксшы жерге тастамады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2013 жылы Алматыда әлем чемпионы титулын жеңіп алған болатын. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оған қарсылас шақ келмеді. Осы жылы боксшы чемпиондық титулын Катардағы әлем біріншілігінде қорғамақшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети